19:34, 22 Маусым 2016 | GMT +5
Криштиану Роналду журналистің микрофонын суға лақтырып жіберді (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Португалия құрама командасының капитаны Криштиану Роналду журналистке ашуланып, оның микрофонынсуға лақтырып жіберді, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі «Marca» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға сәрсенбі күні Лионда өтетін Венгрия құрамасымен үшінші кездесу алдында Португалия құрамасының серуені кезінде орын алды. Мұндай шаралар кезінде журналисттерге құрама ойыншыларына жақындауға тыйым салынған. Алайда, «Correio da Manh» басылымының өкілі Роналдуға жақындап, алдағы ойынға байланысты сұрақ қойды.
Футболшы ашуланып, БАҚ өкілінің қолындағы микрофонды тартып алды да суға лақтырып жіберді.