Криштиану Роналдудың анасы оны үйленуге көндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалдық БАҚ жазуынша, мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду үйленуге шешім қабылдаған.

Криштиану Роналдудың анасы оны үйленуге көндірді

БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, 31 жастағы Криштиану Роналдудың сүйіктісі 21 жастағы модель Джорджина Родригес болып шықты. Бұл жұп төрт айдан бері бірге, Криштиану той туралы ойланып жүр әрі бала сүйгісі келеді, деп жазады Correio да Manha басылымы.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, той 2018 жылға жоспарланған.

Журналистердің айтуынша, футболшының мұндай шешім қабылдауына анасы әсер еткен. Ол жас Джорджиананы қатты ұнатып қалған және оны құшақ жая қарсы алуға дайын.