Криштиану Роналдуға ескерткіш орнатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналдуға туған жерінде ескерткіш орнатылады.

Криштиану Роналдуға ескерткіш орнатылады

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, мерекелік іс-шара футболшының туған жерінде - Майдера аралында орналасқан Фуншал қаласында 21 желтоқсан күні өтеді.

Сондай-ақ 29 жастағы футболшы халықаралық аренада спортты дамытуға және насихаттауға үлес қосқаны үшін жергілікті биліктен арнайы марапатқа ие болады.

Айта кетейік, Роналду 2014 жылғы «Алтын допқа» үміткерлердің тізіміне еніп отыр. Футболшы бұған дейін екі рет «Алтын доп» иегері атанған болатын (2008, 2013).