Кристиан Лубутен Ислам дініне қарсы топты сотта жеңіп шықты

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Louboutin деп аталатын брендпен аяқ киім шығаратын француз дизайнері Кристиан Лубутен Бельгияда асыл дінімізге қарсы топты сот отырысында ұтып кетті. Ендігі жерде оларға бұқаралық ақпарат құралдарында исламға қарсы жарияланатын материалдарда оның аяқ киімінің фотосуретін пайдалануға тыйым салынды.
None
None

«Фламанд мүддесі» деп аталатын сепаратистік партия елдің көзіне оттай басылатын биік өкшелі табаны ашық қызыл түсті Louboutin туфлиін киген әйелдің аяқтары көрінген плакатты Фландрияда іліп тастаған болатын, деп хабарлады muslim.kz.

Әйел аяғында «Шариғат құптайды» деген жазуы бар сызық бейнеленген. Қара сандағы сызықта «Таспен ұру» деген жазуды оқуға болады. Плакатта «Фламанд мүддесі» партиясының атынан сайланған сенатор Анке Ван Дермеерстің аяғы бейнеленген екен.

Антверпен соты партияға барлық плакатты алып тастау үшін бір тәулік мұрсат берді. Бельгияның бұрынғы аруы Анке Ван Дермеерс сот шешімінің саяси астары бар деп есептейді. Партия бұрынғы плакаттың орнына өзгесін іліп тастады. Бұл жолы сенатордың жүріп келе жатқаны емес, жатқаны бейнеленген. Бұл жолы да оның аяғында асыл дінімзге қарсы ұран жазылған. Алайда, оның туфлиінің табаны сары түсті екен.

Кристиан Лубутен соттың шешіміне қатысты өз пікірін айта қойған жоқ. Ол бұрын мұндай плакаттардың оның аты мен абыройына кір келтіріп, бизнесіне зиян келтіретінін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар