Кристин Лагард Халықаралық валюта қорын басқаратын тұңғыш әйел атанды

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы қаржы министрі Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы болып сайланды.

Кристин Лагард  Халықаралық валюта  қорын басқаратын тұңғыш  әйел    атанды

Қордың тарихында оны алғаш рет әйел адам басқарып отыр, деп хабарлайды Би-Би-Си телекомпаниясы.

Кешеге дейін Францияның қаржы министрлігін басқарып келген Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының жаңа басқарушы-директоры болып сайланды.