Кристина Шумекова Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі басталды.

Кристина Шумекова
Фото: ҚР ҰОК

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта бесінші орын алды.

Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,38 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған Нидерланд өкілі Ангел Далеманнан 1,68 секундқа қалып қойды.

ҚР ҰОК мәліметінше, екінші орынды тағы бір нидерландтық Изабель Гревелт (1:14.66) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (1:14.80) түйіндеді.

Еске салайық, Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова осы қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын.

Қазақстандық төреші волейболдан әлем чемпионатында қазылық ететінін жазған едік.