«Кристис» аукционына сатылымға 32 караттық гауһартас шығарылады
АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - «Кристис» аукционына сатылымға салмағы 32 караттық үлкен гауһартас шығарылады. Аукцион үйінің өкілдері сәрсенбі күні хабарлағанындай,
асыл тастың иесі танымал баспагер Уолтер Анненбергтің жесірі Ли Анненберг. Бұл сирек кездесетін асыл тас ең аз дегенде, 5 миллион долларға сатылады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бірегей гауһартас аукционға шығарылмас бұрын нағыз саяхат жасайды, ол Женевада, Лондонда, Гонконгта, Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте көрмелерде болады. Осынау асыл тас сатылатын сауда Нью-Йоркте қазанның 21-інде өтеді.