«Кристис» Кустодиевтің жасанды картинасын сатқаны үшін Вексельберг қорына 4,5 млн. доллар төлейді

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Британ астанасының Жоғары соты «Кристис» аукцион үйіне Кустодиевтің жасанды картинасын сатқаны үшін Виктор Вексельбергтің «Аврора фан артс» қорына 4,5 млн-нан астам доллар төлеуге міндеттеді.
None
None

ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша,  шығарылған шешімге сәйкес 2005 жылы жасалған «Одалиска» туындысын сатып алу туралы келісім бұзылды.

Сот қорытындысына сәйкес, жиналған барлық деректер ұйқыдағы жалаңаш әйел бейнеленген картина танымал орыс суретшісінің туындысы еместігін дәлелдеп отыр.

Соңғы жаңалықтар