«Крокус»-тегі теракт. Кінәлілерге қатысы бар шетелдіктер 15 жылға сотталуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Ыстанбұл прокуратурасы Crocus терактісінің кінәлілеріне қатысы бар бес шетелдікті 7,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркияда ұсталған шетелдіктер Крокустағы лаңкестік әрекетті жасағандарға нұсқау беріп, оларға 800 мың рубль және жаңа төлқұжат беруге уәде еткен көрінеді.
Еске сала кетсек, 22 наурыз күні Ресей астанасы Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар оқ жаудырған еді.
Өкінішке қарай, оқиға салдарынан 150-ден астам адам жарақат алып, 100-ден астам адам мерт болды.
Қазақстан президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтқанын жазған едік.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен шұғыл жиын өткізгені мәлім болды.