Круиздік лайнерде «жаңа тұмау» ошағы анықталды

АСТАНА. Тамыздың  1-і.  ҚазАқпарат  -   Круиздік лайнерде    «жаңа тұмау»  ошағы анықталды.    Француздың   Марсель  айлағына  келе жатқан  лайнердің төрт жолаушысынан А (H1N1) тұмауы  вирусы  анықталып  отыр.  

 Круиздік лайнерде    «жаңа тұмау»  ошағы анықталды

  Жұма күні Марсель  префектурасынан    хабарлағанындай,   осыған  байланысты   жолаушыларға    кеме  бортынан  түсуге тыйым  салынды.     Бұған дейін   де,  дәл осы  лайнерде    «доңыз тұмауы»  вирусы    экипаждың 60 мүшесінен анықталған болатын,   қызметкерлер      қатарындағы тағы 70 адамның  денсаулығына  күмән  бар. 

Италияның Неаполь  қаласынан келе жатқан      Voyager of the Seas лайнерінде    барлығы  3600 жолаушы, 1500   экипаж   мүшесі бар.

 Кеме бүгін, сенбі күні Марсель  айлағына  жеткен соң,  оның  бортына француз  медиктері  көтеріледі.  Олар эпидемиологиялық   байқау  жүргізіп,  соның  нәтижесі  бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелеріне    жағаға  түсуге  рұқсат беру-бермеу туралы  шешім қабылданады,  деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.