«Ксеll»-дің ұрлығы ашылды, компанияға 16 млрд. теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау агенттігі жеке тұлғалардан түскен шағымдарға байланысты және монополияға қарсы органдардың тексеруі барысында заңбұзушылықтар анықталғандықтан «Ксеll» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізілді.
None
None

Тергеу нәтижесінде Қоғам Activ брендінің «Күндізгі шексіз лимит» тарифтік жоспары бойынша қызмет көрсетпей, абоненттік төлемдер алып отырған, ал Kcell бойынша абонент балансы 0-ге жеткеннің өзінде байланысты үзбеген.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 7 наурыздағы шешімімен «Ксеll» АҚ-ның заңды бұзғаны расталды. ҚР кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес айыпты деп танылған компания 16 млрд. теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау агенттігі «Ксеll» АҚ-ға заңбұзушылықтардың салдарын жоюға бағытталған шара қолдануын талап етті. Енді компания балансында 0 теңге бола тұра байланысы үзілмеген абоненттерге ақшаларын қайтаруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар