«Кселл» компаниясы «East Capital Award 2013» аталымы бойынша үздік компания болып танылды

«Kcell компаниясының атқарушы директоры Али Аган 2013 жылдың 7 қарашасында Стокгольмде марапаттау рәсімінде «East Capital Award» сыйлығын қабылдады. «East Capital Award» сыйлықтары дамушы және шекаралас нарықтардағы жетістіктер үшін беріледі. «East Capital» жыл сайынғы оныншы рәсімінде IPO үшін осындай беделді сыйлыққа ие болу - зор мәртебе», - делінген баспасөз хабарламасында.
«Кселл» Қазақстан нарығында EBITDA көрсеткіші 55 пайыз деңгейімен жетекші позицияларды иеленіп, бүгінгі күнге дейін осы орынды тұрақты ұстап келеді және 2012 жылдың аяғындағы Қазақстандық және Лондон қор биржаларындағы листингтен кейін акционерлерге тұрақты табыстылықты қамтамасыз етіп келеді. Осы марапат - компанияның басқарушылық ұжымының және қызметкерлерінің белсенді жұмыс істеулері мен кәсіпқойлықтарының айқын белгісі», - деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Али Аган.
Жалпы, «Кселл» компаниясы аймақтағы ең сәтті орналастыруды жүргізген. Компания өзінің озат басқарушылық ұжымымен және әлем бойынша телекоммуникациялық компаниялар ішінде ең жоғарғы дивиденд төлеулерімен жақсы танымал. Тұтастай телекоммуникациялық әлемде орын алып отырған жазылымдардың қысқаруы байқалатын жоғары бәсекелі нарықта жұмыс істей отырып, «Кселл» EBITDA көрсеткішін 55 пайыздан астам деңгейде ұстап қала алды. Бұл әлемдегі телекоммуникациялық компаниялардың арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш, абоненттердің саны бойынша нарық үлесі 50 пайызға жауық деңгейде және табыс дәрежесін сақтай алды. 2012 жылдың желтоқсанында «Кселлдің» IPO-ға шыққан сәттен бастап компания акционерлері пайыздық үлеспен АҚШ долларымен бір акцияға шаққанда 67 пайыз көлеміндегі табысқа ие болды.