Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында 200 метрге шалқалай жүзуден іріктеу өтті.
Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Ксения Игнатова қорғады. Ол іріктеуде 7-нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
200 метрге шалқалай жүзуден финал бүгін өтеді.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Айта кетелік Қазақстан құрамасының 22 қыркүйектегі жарыс кестесі жарияланған еді.