Ксения Игнатова Азия ойындарында үздік бестіктен көрініп, финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Ксения Игнатова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші финалына өтті. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

Ксения Игнатова Азия ойындарында үздік бестіктен көрініп, финалға жолдама алды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 200 метрге кешенді жүзу сайысында бақ сынады. Ксения іріктеу кезеңінің нәтижесінде 2:14.94 уақыт көрсеткішімен жалпы есепте бесінші орын алып, финалға өтті.

Айта кетейік, ол бұған дейін 50 метрге шалқалай жүзуден ақтық сынға өткен болатын.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінің  нәтижесіне сай, Қазақстан құрамасы жалпы есепте төртінші орында келе жатқанын жазған болатынбыз.