Ксерокс компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы ауысты
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Ксерокс компаниясы Орталық Азиядағы өкілдігіндегі жаңа басшы Владимир Малеевті таныстырды.
Ол Рыбалкинді ауыстырып отыр. Рыбалкин 3 жылдан бері компанияның Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі бизнесін дамытуға жетекшілік жасап келген болатын. Аймақтық менеджер қызметінем кіріспестен бұрын Владимир Ксерокс Еуразия халықаралық тобы елдеріндегі Консалтинг және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, Ксерокс Ресейдің «Қаржы және банкинг», «Коммерциялық қаржылар» департаментінің корпоративтік жобаларына жетекшілік жасады.
Жалпы Ксерокстің Орталық Азиядағы өкілдігі 1992 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Ол Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия республикаларындағы серіктес желілердің жұмысын үйлестіреді. Оның құрамында 150-ден астам ірі серіктестер мен реселлерлер бар.