Кіші Алматы өзенінде қар көшкіні жүрді

қар көшкіні
Фото: Алматы облысы ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Кіші Алматы өзенінде өздігінен қар көшкіні жүрді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Кіші Алматы өзені бассейніндегі Алматы қаласының көшкін жинағышында өздігінен қар көшкіні жүрді.

«Түскен қардың массасының жалпы көлемі 25 500 м3 құрады. Зардап шеккендер мен бүлінген құрылыстар болған жоқ», - деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, жақында Кіші Алматы өзенінде қар көшкіні жүрген болатын. 

Сондай-ақ Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлағанбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар