12:06, 27 Қаңтар 2023 | GMT +5
КСРО-ның «Халық әртісі» атағы үшін берілетін үстемақы 2 есе ұлғаяды
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізілмек. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге базалық лауазымдық айлығының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді», - делінген жаңа редакцияда.
Айта кетейік, қолданыстағы тәртіп бойынша мұндай құрметті атағы бар азаматтарға өз жалақысының 50% көлемінде үстемақы берілетін. Енді оның мөлшері 100%, яғни толық айлық мөлшеріне дейін көтерілмек.
Қаулы жобасын ашық талқылау 10 ақпанға дейін жалғасады.