КСРО-ның «Халық әртістеріне» берілетін үстемақы 2 есе ұлғайды – Үкімет қаулысы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге базалық лауазымдық айлығының 100% мөлшерінде, Бұрынғы КСРО-ның «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге базалық лауазымдық айлығының 30% көлімінде үстемақы төленсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Айта кетейік, бұрын мұндай құрметті атағы бар азаматтарға өз жалақысының 50% көлемінде үстемақы берілетін. Енді оның мөлшері 100%, яғни толық айлық мөлшеріне дейін ұлғайып отыр.

Қаулы қол қойылған күннен, атап айтқанда 13 сәуірден бастап күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар