ҚСЗИ-да «Жаңа Қазақстан: мазмұны мен мәні» тақырыбында сараптамалық пікірталас өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) «Жаңа Қазақстан: мазмұны мен мәні» тақырыбында сараптамалық пікірталас өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов ашты. Бұл сараптамалық пікірталас «Жаңа Қазақстан» идеологемасының мазмұны мен нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ бастамасымен жүргізілетін талқылаулар цикліндегі кезекті шара болды.

Басқосуға ұлт зиялылары, ғалымдар, саясаттанушылар, мәдениет қайраткерлері мен жастар өкілдері қатысты.
Талқылаудың бірінші бөлігі барысында Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабек, осы жоғары оқу орнындағы философия кафедрасының профессоры Күлтай Медеуова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Владимир Батурин, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері өз пікір-ұсыныстарын айтты.
Талқылаудың екінші бөлігіне Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Жақсылық Сәбитов, Қарағанды техникалық университетінің проректоры Айжан Темербаева, «Жастар» ҒЗО талдау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Сағыныш Ахантаева, Ш.Уәлиханов Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Алмас Жүнісбай, Назарбаев Университетінің Инженерлік мектебінің докторанты Әсия Ермұхамбетова және басқа да академиялық және азаматтық сектордағы жастар өкілдері қатысты.
Талқылауға қатысушылар еліміздің даму күн тәртібіне қатысты түрлі пікірлерін ортаға салды. Саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар мәселелері қозғалды.
