КТК телеарнасының бас директоры ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «КТК» телеарнасының Бас директоры ауысты. Бүгіннен бастап телеарнаны Эльмира Нариманқызы Жамилова басқаратын болды. Ол бұрын КТК Бас директорының орынбасары болған, деп хабарлайды ktk.kz.
None
None

«КТК командасы үшін бұл айтарлықтай өзгеріс емес, өйткені  Э. Жамилова 9 жылдан астам телеарнаның басшысының орынбасары болған. Соңғы жылдары КТК телеарнасының дамуының стратегиясын сол әзірлеген.

КТК стратегиясы бұрынғыдай болып қалады, ал  телеарна көрермендеріне бұрынғыдай қызықты әрі сапалы жобаларды ұсынбақ», делінген хабарламада.

Ол бұрын Қазақ радиосы, «Хабар» агентіктерінде істеген. 

null  

Соңғы жаңалықтар