КТК жоғары лигасы Астанада думанды әзіл кешін өткізеді

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласының 15 жылдығын мерекелеу іс-шаралары аясында қалада «Елорда кубогы» Халықаралық КТК фестивалі өтеді.
None
None

Астанада әзіл мерекесі осымен екінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Жыл сайын ең танымал да атақты КТК командасы қала тұрғындары мен қонақтарын жарқын күлкімен қуантып жүр.

Биылғы жылы думанды әзіл фестиваліне Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің «Пятигорск қаласы» - «Азия Mix» құрамасы, «Раисы», «Камызяки» және фестиваль иелерінің «Қазақтар» командасы қатыспақ.

Өткен жылы қала тұрғындары мен қонақтары әлемнің атақты да халық сүйіспеншілігіне бөленген КТК командалары - «Абхазия нарттары» (Сухуми қ.), «Уездік қала» (Челябі-Магнитогорск), «Прима» (Курск қ.) және Қазақстанның құрамасы («Қазақтар», «Астана.kz» КТК) және басқалардың өнерін тамашалаған болатын.

Мерекелік іс-шаралар ауқымында елорда кубогы үшін өтетін КТК екінші қазақстандық фестивалі тамаша өнердің думанына айналып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйламақ.

Соңғы жаңалықтар