ҚТЖ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жүк тасымалын 6,8 пайызға ұлғайтты

Бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға көп. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, 2012 жылдың І-жартыжылдығы қорытындысы бойынша тарифтік жүк айналымы шақырымына 116 187 млн. тоннаны құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскен. Сонымен қатар, есепті кезеңде 143,5 млн. тонна жүк тасымалданған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда 6,8 пайызға жоғары. Ал жолаушылар тасымалының айналымы 2011 жылдың деңгейінен 13,1 пайызға өсіп, шақырымына 7 418 млн. жолаушыны құрап отыр.
«Жалпы бірінші жартыжылдық қорытындысы тораптағы жүк тиеудің тұрақты өсімін көрсетеді. Компания бойынша жалпы жүк тиеу 1,4 пайызға асыра орындалып, 127 млн. тоннаға жетті. Былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда жүк тиеу 7,5 млн. тонна немесе 6,2 пайызға өскен. Ал жүк түсіру 6,7 пайызға артып, тәулігіне орташа есеппен 7 587 вагонды құрады.