ҚТЖ биыл 194 локомотив сатып алады — Марат Қарабаев

пойыз
Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы екі жылда 364 локомотив сатып алады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

«Өткен жылы локомотивтердің күрт жетіспеу қаупі болды. Дегенмен, бұрынырақ берілген тапсырыстардың арқасында былтыр қосымша 119 локомотив сатып алынды. Биыл тағы 194-і сатып алынады. 2025 жылы — 245 данасы алынады. Осылайша, қажеттілік толығымен шешіледі. Қазіргі уақытта да былтырға қарағанда локомотив тапшылығы мәселесі едәуір шешіліп отыр», — деді министр Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына орай.

Соңғы жаңалықтар