ҚТЖ-да кадрлық ауыс-түйістер болды

Отырыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ борыштық жүктемені оңтайландыру және қаржылық тұрақтылықтың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлданды. Сонымен бірге, «Востокмашзавод» АҚ үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ пайдасына «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік кепілдігі мәселесі де қарастырылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма мүшесі Б.Камалиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және өндірістік қауіпсіздік және экология басқарма департаментінің директоры А.Жағыпаровты «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма мүшесі ретінде сайлау туралы шешім қабылданды.
«Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы Қ.Сауырбаев пен «ҚТЖ - жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы М.Шәкеновтың өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы қызметіне С.Елубаев, «ҚТЖ - жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы болып О.Кулаков тағайындалды.