ҚТЖ мен Huawei: Қазақстан темір жолдарының цифрлық трансформациясы қалай жүріп жатыр

ҚТЖ цифрлық трансформация
Фото: Huawei

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Huawei Technologies Kazakhstan қазақстандық темір жолдарды цифрландыруға бағытталған стратегиялық әріптестік аясында деректерді беру желілерін жаңғыртудың бірінші кезеңін іске асырды.

Деректерді беру желілері логистика саласындағы инновациялық технологияларға көшу мақсатында ұлттық тасымалдаушының цифрлық трансформациялау стратегиясын іске асыру үшін технологиялық негіз қалыптастырылатын базалық инфрақұрылым болып табылады.

Бірінші кезеңде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да SD-WAN технологиясы енгізілді, ол Астанадағы бас кеңсені және Қазақстанның 16 ірі темір жол бөлімшелерін байланыстырады. ҚТЖ-ға желілік құрылғылар мен байланыс арналарының жай-күйін динамикалық орталықтандырылған мониторингтеу, жоғары өнімділік, сапа, басымдықтар мен кідірістер тұрғысынан сервистерді оңтайлы маршруттауды құру сияқты осы шешімнің барлық артықшылықтары қолжетімді болады.

Huawei SD-Wan шешімі ҚТЖ-ға деректерді беру желілерін оңтайландыруға және инфрақұрылымды басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. SD-WAN деректерді берудің жоғары жылдамдығын, желінің сенімділігін және желіні басқарудағы икемділікті қамтамасыз етеді. Технология сонымен қатар кез-келген жағдайда сенімді жұмыс істей отырып, желіні қазіргі қажеттіліктерге сәйкес бейімдеуді және масштабтауды жеңілдетеді. ZTP (Zero-touch provisioning) технологиясын қолданудың арқасында SD-WAN шешімінің қызметтерді конфигурациялау және көшіру бойынша көп уақытты қажет етпестен жаңа станцияларды оңай қосуға мүмкіндігі бар.

ҚТЖ цифрлық трансформация
Фото: Huawei

«Біз Қазақстан темір жолын цифрлық жаңғырту мәселесінде ҚТЖ-мен ынтымақтасатынымызды мақтан тұтамыз. Біздің SD-Wan шешіміміз желіні басқаруды жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар ҚТЖ сияқты компаниялар үшін маңызды болып табылатын жоғары өнімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстанның темір жолдары үшін неғұрлым инновациялық және байланысты болашаққа жол ашудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan желілік шешімдер жөніндегі техникалық директоры Андрей Сим.

«Деректерді беру желісін жаңғырту 15 жыл бұрын пайдалануға берілген ҚТЖ ДБЖ-ның ескірген жабдығын ауыстыруды мақсат етеді. Huawei компаниясының SD-WAN технологиясы бойынша заманауи шешімі маршруттау процестерін басқарудың икемді жүйесін қамтамасыз етуге және басқарудың дәстүрлі түрінен орталықтандырылған басқару принципіне көшуге мүмкіндік береді, бұл аймақтық және орталық қызметтер арасында таратылатын деректерді басқарудың икемді тәсілін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, деректердің өткізу қабілетін арттырады, бұл ақпаратты беру жылдамдығына неғұрлым талап етілетін заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру «Транстелеком» АҚ, Huawei Technologies Kazakhstan мамандары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығы мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды, — деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Бас есептеу орталығы» филиалының Желілік жүйелерді енгізу департаментінің директоры Неғметжан Ілияс Маратұлы.

SD-WAN енгізу бойынша ҚТЖ және Huawei ынтымақтастығы Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын цифрландыру және жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл жоба екі компанияның да қызмет көрсету сапасы мен жұмыс тиімділігін жақсарту үшін озық технологияларды енгізуге бейілділігін көрсетеді. ҚТЖ және Huawei бірлескен жұмысы индустрияның қазіргі заманғы дамуына және сервис деңгейін арттыруға жәрдемдесе отырып, процестің барлық қатысушыларына елеулі пайда әкелуге уәде береді.

Соңғы жаңалықтар
telegram