ҚТЖ IPO-ға қашан шығарылады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚТЖ 2026 аяғына дейін IPO-ға шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов мәлім етті.

Kazakhstan Railways plans IPO by end of 2026
Коллаж: Kazinform / 365info.kz / Rail-news.kz

Оның айтуынша, бүгінде компания «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп белсенді дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

— IPO халықаралық платформаларда үш листингілі форматта өтеді деп қарастырылған, яғни Лондон, Гонконг және Қазақстан биржасы ескерілген. Мерзімі - 2026 жылдың соңына дейін, — деді Талғат Алдыбергенов Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде.

Алдын ала жоспар бойынша компанияның 25% акциясын орналастыру жоспарланған.

Еске салсақ, биыл мамыр айында «Самұрық-Қазына» қорының Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының үш листингілі IPO-сына байланысты тараған мәліметтерге түсініктеме берді.