ҚТЖ қаржылық жағдайын қаншалықты жақсартты

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өзінің қаржылық жағдайына қатысты түсінік берді.

ҚТЖ KTZ
Фото: railways.kz

- «ҚТЖ» ҰК» АҚ (ҚТЖ) соңғы 4 жылда шығындарын жауып, қаржы-экономикалық көрсеткіштердің оң үрдісін көрсете отырып, 2020 жылдан бастап таза пайда алып жатыр. 2023 жылы өндірістік және қаржылық көрсеткіштер максимумға жетті, - делінген компанияның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұл тұрғыда ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ қорымен және Үкіметпен бірлесе қаржылық жағдайды жақсарту бөлігінде жоспарлы жұмысты атқарып жатыр.

- ҚТЖ өзінің борыштық міндеттемелеріне дербес және уақытылы қызмет көрсетеді. Осы орайда қарызын өтеп келеді, бұл өз кезегінде кредит қаражаты мен кепілдіктер беретін кредиторлардың (халықаралық қаржы институттары, банктер) сенімімен расталып отыр. ҚТЖ-ның қаржылық тұрақтылығын рейтингтерді жыл сайын айқындау жолымен анықтайтын халықаралық рейтингтік агенттіктер (Moodys «Baa2», S&P «BB», Fitch «ВВВ -) нақтылады, - деп аталып өткен ҚТЖ ақпаратында.

Еске салсақ, былтыр жазда Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» компаниясы дефолт алдында тұрғаны туралы мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар