ҚТЖ Қытайдың 17 провинциясымен ынтымақтасады
Конференция барысында «ҚТЖ» ұлттық компаниясының президенті Қанат Алпысбаев өз баяндамасында транзиттік-көлік әлеуетін іске асыру және Қазақстанның халықаралық экономикалық байланыстарын кеңейту қажеттігін атап өтті.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда заманауи жолаушылар вагондары шығарылып жатыр: тепловоздар, электровоздар, рельстер, жол салуға арналған материалдар және сәйкес толымдаушылар. Қазақстандық зауыттардың өнімдері жоғары экспорттық әлеуетке ие», - деп хабарлады ол.
«Бүгінгі таңда компания Қытайдың 17 провинциясымен, Вьетнам, Корея, Еуропа және Парсы шығанағы елдерімен тікелей жұмыс істеп жатыр. Біз тұрақты контейнерлік қызметті және бәсекеге қабілетті мерзімді жетілдіреміз. Нәтижесінде 2011 жылы Қытай-Еуропа-Қытай құрлықтық бағытындағы Қазақстанның үлесі 70%-ке жетті. Сонымен қатар, біздің ел арқылы Қытай-Түркия-Иран бағытының жаңа маршруттары игеріліп жатыр», - деді Қанат Алпысбаев.
Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының ҚТЖ-ға 2020 жылға дейін 2 млн. контейнерге транзиттік тасымал көлемін ұлғайтуды тапсырғанын атап өтті.