«ҚТЖ» оқуға жұмсалатын шығындар есебінен 342 миллион теңге үнемдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 6 мыңнан астам жұмысшысы өнеркәсіп қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласы бойынша оқу тәжірибесінен өтті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«ҚТЖ» оқуға жұмсалатын шығындар есебінен 342 миллион теңге үнемдеді

Теміржолшылар Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларындағы оқу орталықтарында біліктіліктерін жетілдірді. Осы шараның нәтижесінде, басқа оқу орындарына баруға, оқуға жұмсалатын шығындар есебінен 342 миллион теңге үнемделді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Темір жол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығының» директоры Марал Марасиловтың айтуынша, аталған оқу орындары құзырлы органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білім беруге келісімдер алған.
Оның айтуынша, «Кыргыз темыр жолы» МК, «Жол арна» ЖШС еңбеккерлерін оқытуға келісімдер жасалған. Жыл аяғына дейін Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Жол жөндеуші» ЖШС, «Арал тұз» ЖШС мен басқа да мекемелердің еңбеккерлері оқу курстарынан өтеді.
Таяуда теміржолшылар осы оқу орындарында қанатқақты жобалар негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша он сағаттық дистанциялық оқулармен қамтылатын болады.