ҚТЖ рефрижераторлы вагондарымен сақталуы қиын жүкті де жеткізетінін хабарлады
«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны «KTZExspress» акционерлік қоғамы Қытайда шығарылған жүк көтеру қуаты 27 тоннаны құрайтын 45-футты 200 дана контейнер сатып алды. Олар автоматты түрде сыртта 50-50 градус болған жағдайда ішкі температураны 20-20 градус істеп ұстап тұра алады.
«Біздің «Чуницин-Дуйсбург» бағытында жүретін контейнерлік пойыз құрамындағы рефрижераторлық контейнерлерде қыс мезгілінде әйгілі «Hewlett-Packard» компаниясының компьютерлік техникалары тасымалданды. Өткен жылдың қазанынан бастап, биылғы жылдың наурызы аралығында «Hewlett-Packard» компаниясының өнімдері салынған жүктер 190 рет рефрижераторлық контейнерлерде тасымалданды. Ал сәуір айы мен осы уақытқа дейін Еуропа-Қазақстан-Қытай бағытында 150 контейнер азық-түлік жөнелтілді»,-деді «KTZ Exspress» АҚ-ның департамент директоры Жасұлан Хамзин.
Жүктердің дұрыс сақталуы маңызды. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-ның өкілдерімен бірлесіп, тасымалданатын жүктердің дұрыстығын қадағалайтын жедел топ құрылды. «KTZ Exspress» АҚ-да Қытай-Еуропа-Қытай бағытында жүретін контейнерлерге тәулік бойғы мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске жер серігі қызметі мен жүк қауіпсіздігімен қамтамасыз етумен айналысатын өзге де қызметтер қатыстырылуда.