ҚТЖ теміржол бойынан үш күнде 30 мың тонна қар тазалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 20-23 қаңтар күндері республикалық теміржолдардың бойынан 30 мың тонна қар шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, демалыс күндері қар көп түсіп, теміржолшылар пойыздардың тоқтап қалуына жол бермеу үшін үзіліссіз жұмыс істеген.
« 20-23 қаңтар аралығында, үш тәулікте 12 мың шақырым теміржол бойы тазаланып, 30 мың тоннадан астам қар шығарылды. Қар тазалау үшін теміржол шаруашылығы бөлімінің 7 мыңнан аса қызметкері жұмыс істеді. Қар тазалау жұмыстарына 200-ге жуық арнайы техника тартылды»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы, Магистральды желі дирекциясының атқарушы директоры Бауыржан Уәлидің айтуынша, 7 мыңнан аса қызметкерлер мен қар тазалау техникаларының тең жартысы Ақмола мен Ақтөбе магистральдық желісінде жұмыс істеген.