«ҚТЖ» ҰК» АҚ Moody's ESG Solutions рейтинг агенттігінен ESG бағасын алды

Moody's ESG Solutions рейтинг агенттігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа 57 балдық (теориялық 100 балдын ішінен) ESG бағасын берді, бұл Moody's шәкілімен шамасы бойынша екінші балл болып табылатын «А2» тұрақтылық рейтингіне сәйкес келеді. Рейтинг бірінші рет берілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Moody's ESG Solutions рейтинг агенттігінен ESG бағасын алды

ESG-дің әрбір компоненті бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағалары келесідей: экологиялық – 53 балл, әлеуметтік – 59 балл, корпоративтік басқару – 57 балл.

Берілген ESG бағасы Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметінің тиімділігі жоғары екендігін куәландырады және Компанияның ESG факторларын өз бизнес-процестеріне ықпалдастыруға әзір әрі өте қабілетті екендігін көрсетеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Moody's ESG Solutions» нұсқасы бойынша ең жоғары көрсеткіштері бар ТОП-25% компаниялар қатарына кірді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрақты дамуға жоғары мән бере отырып, ESG факторларын өз қызметіне ықпалдастыру жұмысын белсенді түрде жалғастырмақ.