«ҚТЖ» Ұлттық компаниясы жыл басынан бері 111 млн тоннадан астам жүк тасымалдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы желісі арқылы тасымалданған жүк айналымы ағымдағы жылдың мамыр айында 18,3 млрд. тонна-километрді құрады. Ал жүк тиеу көрсеткіші 20,2 млн. тоннаға жетіп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тас көмірдің 6,8 млн. тоннасы тиелді (елдің ішінде - 4,6 млн. тоннадан астам), астық - 728 мың тоннадан астам, соның ішінде экспортқа жөнелтілетіні 552 мың тонна.
Жыл басынан бері жүкайналымы 90 млрд. тонна-километрді құрады. Жүк айналымын пайдалану бойынша жоспар 103,2% орындалды.
Транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 6,4 млн. тоннаны құрады.
Қаңтар-мамырда жүк тиеу 100,5 млн. тонна болды. Атап айтқанда, тас көмірдің 41 млн. тоннасы тиелді, соның ішінде экспортқа - 12,7 млн. тоннадан астамы жөнелтілді. Бұл ағымдағы жылғы көрсеткіштен 4,6% артық, ал астық 4,7 млн. тонна (+3,4%) болды.
2019 жылдың 5 айында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалану жұмысының бірқатар көрсеткіштері жақсарды.
«Осылайша, локотив өнімділігі 2,8%, локомотивтің ораша тәуліктік жүрісі - 2,4%, жұмыс вагонының орташа тәуліктік айналымының уақыты - 3,6% және вагонның орташа тәуліктік өнімділігі - 5,1% артып отыр»,-деп хабарлайды ұлттық компания.