ҚТЖ жол апаттарынан кейін теміржол өткелдеріндегі бақылауды күшейтті

ҚТЖ ақпаратына сәйкес, биылғы жылдың 11 айында 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Соңғы жылдары жоспарлы түрде күзетілмейтін теміржол өткелдері күзетілетін өткелге айналдырылуда. Мәселен, 2015-2017 жылдары 127 жол өтпесі күзетілетін болды. 38 жол өткелінен қоршау құрылғылар орнатылды. 2018 жылы 83 жол өткелінде осындай құрылғылар орнату жоспарланып отыр.
«Автокөлік иелері жол қозғалысы тәртібін өрескел бұзуы тоқталмай келеді. Жүргізушілер өз өмірлеріне қауіп төндіріп қана қоймай, жолаушылардың да өміріне қауіп туғызуда. Теміржол бойындағы қозғалыстың күн санап қарқын алуына байланысты ондағы қауіп-қатер де күшейіп келеді. Соған байланысты теміржол желілерінің бойындағы қауіпсіздік шаралары тәртібін күшейтуді қажет етеді», - делінген хабарламада.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 559-бабының 5-тармағына темір жолды белгіленбеген тұсынан кесіп өтушіге айыппұл көлемін 3-тен 10 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделуде. Аталмыш шара теміржол маңында белгіленбеген орындардан өтушілерге жауапкершілікті күшейтіп, ол өз кезегінде пойыз қозғалысы қауіпсіздігін көтеруге ықпал ететін болады, - деп мәлім етті ҚТЖ.
Мамандардың сараптауынша, жол көлік оқиғаларының тең жартысы пойыздың жақындап қалғандығын ескермей өтетін автокөлік жүргізушілердің кінәсінен, 14% шлагбаумды айналып өту, 36% басқа да себептерден.
Еске сала кетсек, қарашаның 25-інде Маңғыстауда маневрлік ТЭМ-2 тепловозы мен жолаушылар мінген «Газель» соқтығысып, 9 адам қаза тауып, 27-сі жарақат алды.