Куәгер: «ҚазТАГ» ХАА есептемелері техникалық ерекшелікке сай болған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ай сайын «ҚазТАГ» ХАА ақпарат комитетіндегі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру жөнінде есептемелер беріп отырған. Алайда, атқарылған жұмыс актілері техникалық ерекшелікке сай болмаған.

Куәгер: «ҚазТАГ» ХАА есептемелері техникалық ерекшелікке сай болған жоқ

Тергеу нұсқасы бойынша, 2010-2015 жыл аралығы кезеңінде Сейітқазы Матаев ұлы - «ҚаТАГ» ХАА» ЖШС бас директоры Әсет Матаевпен алдын ала сөз байласып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі көлемде мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджеттік қаражаттарды жымқырған. Ұрлық сомасы 169 млн.-нан астам теңгені құрайды.

«ҚазТАГ» ХАА» ЖШС көрсетілген қызметтерді тексере келе, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде сұрақ туындады. Жарияланған материалдардың тақырыптық бағыты бойынша сәйкессіздіктер анықталды, ақпараттық хабарламаларға рұқсат болмаған, орталықазиялық мемлекеттердің агенттіктерінде материалдар жарияланбаған», - деді Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті баспасөз БАҚ басқармасының бұрынғы сарапшысы Ерлан Ыдырысов.

Куәгердің айтуынша, ол аталған мәселе бойынша «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС өкілі Жанель Заманбековаға хабарласқан, Жанель бұл мәселені шешуге қауқарсыз екенін айтып, Әсет Матаевқа жеткізетінін айтқан.

Осы әңгімеден кейін Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Қазанғап Ерлан Ыдырысовты шақырып алып, «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС әкелген атқарылған жұмыс актілеріне қол қою туралы тапсырма берген. «Бұдан былай «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС-ны тексермеу туралы тапсырма берді», - деді куәгер.

Өз кезегінде Талғат Қазанғап С.Матаевтың абырой-беделіне сенім артқан. «Актілер мен есептемелерге қол қойдым. Бірақ, С.Матаевтың абырой-беделіне сенім артып, атқарылған жұмыс көлемінің нақтылығы, есептердің дұрыстығы және техникалық ерекшелік пен келісімшарт талаптарына сәйкестігін тексермедім», - деген еді Т.Қазанғап.

Осы орайда Ыдырысов Е.А. мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу қызметі бойынша «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС есептемелеріне және көрсетілген қызметтер актілеріне қол қойған. Алайда, онда келтірілген мәліметтерді тексермеген.