Куәгер Сейітқазы Матаевтың мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалай заңсыз алғанын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың ісі бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасуда. Бүгін байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің өкілдері өз айғақтарын берді.
Тергеу нұсқасы бойынша, 2010-2015 жыл аралығы кезеңінде Сейітқазы Матаев ұлы - «ҚаТАГ» ХАА» ЖШС бас лиректоры Әсет Матаевпен алдын ала сөз байласып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі көлемде мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджеттік қаражаттарды жымқырған. Ұрлық сомасы 169 млн.-нан астам теңгені құрайды.
«2010 жылы Комитет мемлекеттік ақпараттық саясатты жылжыту бойынша қызметтерді сатып алуға конкурс жариялады. Жүргізілген рәсімдер нәтижесі бойынша 2010 жылғы 29 шілдеде кей лоттар бойынша конкурс өтпеді деп танылды, себебі оның кемі екі қатысушысы болған. Бұл ретте «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС конкурсқа қатысуға өтінім бермеген», - деді куәгер - БААК бұрынғы төрағасы Болат Берсебаев.
Одан әрі куәгер Сейітқазы Матаев пайдакүнемдік мақсатта оған агенттікпен бір көзден екі лот бойынша шарт жасасуды талап етіп, жүгінген. «Сейітқазы Матаевпен кездесу Алматыда Ұлттық баспасөз клубы ғимаратында болған. Матаев онымен шарт жасасуды талап етеді. Онымен дауласқым келмеді. Мен мұндай ҚазТАГ сияқты беделді агенттік мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді де сапалы жүргізе алатынына сенім арттым», - деді куәгер.
Куәгер егер шарт жасаспаған жағдайда, Сейітқазы Матаев оның атына, басқарып отырған Комитетке теріс ақпарат жаудыртады деп қауіптенгенін айтты.
Болат Берсебаев өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, бір көз тәсілімен осы лот бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы заңсыз шешім қабылдады. Бұған дейін ол өзінің орынбасары Бек Арпабаевқа қажетті құжаттарды дайындауды тапсырды. «Бұл мемлекеттік сатып алу қағидасын бұзды, «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС бұл сатып алуға қатысқан жоқ», - деді Болат Берсебаев.
Куәгер Комитет ақшалай қаражатты заңсыз төлегенін атап өтті. 2010 жылы мемлекеттік ақпараттық саясат нәтижелеріне қол жеткізілген жоқ.
«ҚатТАГ қызметтері техникалық ерекшелікке сәйкес келген жоқ. Күн сайын агенттік 40-50 ақпараттық хабарлама жариялау тиіс болған. Олар айына 100 хабарлама жариялады. Материалдар жабық режімде жарияланды», - деп түсіндірді Берсебаев.
Бұл бұзушылықтар туралы Берсебаевқа оның бағынышты қызметкері - Әлия Айғарина айтты.
«Орындалған жұмыс актілері тексерілген жоқ. ҚазТАГ ХАА-ға ақшалай қаражаты заңсыз төленді», - деп сөзін түйіндеді ол.
ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабына сәйкес Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитеті мен «Қазақтелеком» АҚ лауазымды тұлғалары өкінуіне, тергеуге жәрдемдесуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылғанын атап өткен жөн.