Куала-Лумпурде Қазақстан Елшісі Мұхтар Тілеуберді әлемге танымал саясаткер Махатхир Мохаммедпен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Мұхтар Тілеуберді наурыздың 17-сінде Куала-Лумпурде танымал саясаткер, Малайзияның бұрынғы Үкімет басшысы Тун Махатхир Мохамадпен кездесті,

Куала-Лумпурде   Қазақстан  Елшісі   Мұхтар Тілеуберді  әлемге танымал  саясаткер  Махатхир  Мохаммедпен  кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Мұхтар Тілеуберді Махатхир Мохамадты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық толеранттылықты дамыту жөніндегі саясатымен таныстырды және Елбасының шілде айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІI съезіне шақыруын жеткізді. Махатхир Мохамад қоғамдық келісім мен орнықтылықты сақтау жөніндегі Елбасы жүргізіп отырған саясатқа жоғары баға берді. Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезіне қатысқанын еске алған малайзиялық саясаткер, осынау діни саммиттің тарихи маңызы зор екенін айтты. Мұсылман әлемінде ортақ валюта ?«алтын динарды» енгізуге бастамашы болған Махатхир Мохамад, жаңа әлемдік валюта жасау туралы біздің Елбасымыздың идеясына қызығушылық танытты. Және мұндай валютаны жасау үдерісіне әлемдік нарыққа қатысушы барлық елдердің атсалысуы керек екенін баса айтты. «Малайзиялық кереметтің» авторы сөз соңында Қазақстан Президентіне өзінің ізгі тілегі мен Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының ІІI съезіне қатысу ниетін жеткізуді өтінді.