Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Куала-Лумпурде саудиялық корольге қарсы терактінің жолы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Малайзияда ұсталған Йеменнің төрт азаматы Куала-Лумпурге келген Сауд Арабиясының корольдік отбасы мүшелеріне қарсы лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған. Бұл туралы журналистерге ұлттық полиция басшысы Халид Абу Бакар мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.

Куала-Лумпурде саудиялық корольге қарсы терактінің жолы кесілді

«Біз оларды тұтқындап, қастандық әрекеттерін іске асыруға жол бермедік», - деді елдің бас полицейі.

Құқық қорғау органдарының деректеріне сүйенсек, 26-33 жас аралығындағы Йемен азаматтары 26 ақпан күні лаңкестікке қарсы рейд кезінде ұсталған. Күдіктілер арасында Малайзияның жекеменшік университеттерінің студенттері бар, тағы бір күдікті жергілікті мейрамханалардың бірінде жұмыс істейді.

Сауд Арабиясының Королі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд  делегаттарымен 26 ақпан күні Малайзияға келді. Бұл оның Куала-Лумпурге алғашқы ресми сапары.