Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

Бишімбаев
Фото: Kazinform

11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Kazinform бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында 20:30 шамасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

Ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Сондай-ақ сот Қуандық Бишімбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуын түсіндірді.

Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде әйелдің қаза табу фактісі бойынша елорда полиция департаменті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жұмысын бастады.

Астана полициясы мейрамханадағы әйелдің өліміне қатысты түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар