Қуандық Бишімбаев Қашағанның алғашқы пайдасы туралы айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қыркүйегінде жұмысын бастаған Қашаған мұнай кен орны Қазақстанның осы жылдағы мұнай өңдеу көрсеткішін əлдеқайда жоғарылатқан.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2015 жылдың қарашасындағы көрсеткішпен салыстырсақ, 2016 жылдың қарашасында мұнай өңдеудегі өсім 3 пайызды құрады. Осылайша, мұнай алу бойынша 11 айда тиісті жоспарды 2,4 пайызға артығымен орындадық",-деп хабарлады Қ.Бишімбаев.
"Мұнай өңдеудегі өсім бойынша қыркүйекте іске қосылған Қашаған мұнай кен орны басты факторға айналды. Қашағанның арқасында қосымша бір тəулікте 75 мың баррель мұнай алып отырмыз",-деді Қуандық Бишімбаев.