Қуандық Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қуандық Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды. Төле би аудандық соты сотталушының талап-арызын осылайша ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қуандық Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін Төле би аудандық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкіміне өзгерістер енгізілді.

«Бастапқыда берілген талап-арызда сотталушының жазасын қоныс колониясына ауыстыруды сұраған. Алайда сот жазасын өтеушінің сотталған баптарында Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бар екенін ескерген. Заң бойынша бұл бап бойынша қауіпсізігі орташа деңгейегі түзеу мекемесіне ғана ауыстыру қарастырылған. Сондықтан жазасын өтеу тәртібі тек қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесіне ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін сотталған министрдің қорғаушысы Төлеби аудандық сотына Қуандық Бишімбаевтың  жазасын өтеу тәртібін өзгертуді сұраған болатын. Тіпті оның тәртібі қоныс колониясына өзгертілсе деп көрсеткен.

Айта кетейік, бұған дейін сотталған министрдің қорғаушысы Төле би аудандық сотына Қуандық Бишімбаевтың  жазасын өтеу тәртібін өзгертуді сұраған болатын.  

Еске салайық,  осы жылдың наурыз айында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталған. Сонымен бірге, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған болатын. Сотталушы қазір жазасын Түркістан облысына қарасты Төле би ауданындағы қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде өтеуде.