Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 20 қазанға дейін ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана соты Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 20 қазанына дейін ұзартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты күдіктіні (Қуандық Бишімбаев - ҚазАқпарат) қамауда ұстау мерзімін ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін ұзартты», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық тергеу амалдары жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталуда. Бишімбаев Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы  1 млрд. теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған деп күдікке ілінді.   12 қаңтар күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты оны «қамауға алу» туралы санкция берді. Тергеу нұсқасы бойынша, Бишімбаев заңсыз жолмен алған ақшалай қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Бишімбаев Президенттің жарлығымен 2016 жылдың 28 желтоқсанында министр қызметінен босатылды. Ол бұл қызметінде 8 ай жұмыс істеді. 2013 жылдың 30 мамырынан 2016 жылдың 5 мамырына дейін «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі басқарма төрағасы болды.   

Соңғы жаңалықтар