Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА жолдаған сауалына жауап берген Астана қалалық соты хабарлады.

Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

«2017 жылдың 6 сәуірінде Астана қаласы №2 Алматы аудандық соты күдікті Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 10 мамырына дейін ұзартты»,- делінген сауалға берген жауапта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық тергеу амалдары жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталуда . Бишімбаев Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған деп күдікке ілінді.