Қуандық Тұрғанқұлов ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды.

Қуандық Тұрғанқұлов ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды» делінген хабарламада.