Қуанышбек Мұханғалиев БҚО мәдениет басқармасын басқарады

Қуанышбек Мұханғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

ОРАЛ. KAZINFORM - БҚО әкімінің өкімімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімімен Қуанышбек Жанболатұлы Мұханғалиев Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қуанышбек Жанболатұлы 1987 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын дәстүрлі музыкалық өнері және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің артисі болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің инспекторы, бас сарапшысы, Құрманғазы оркестрінің директоры, Астана қаласы әкімдігі Тәуелсіздік сарайы директорының міндетін атқарушы қызметтерінде болды.

Сондай-ақ 2017-2019 жылдары Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары БҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болды.

Қазіргі тағайындауға дейін БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар