Қуаңшылыққа қарсы шараларға 20 млрд теңге бөлінуі мүмкін

None
Photo from open sources
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қуаңшылыққа қарсы шараларға 20 млрд теңге бөлінуі мүмкін. Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайтып, бюджеттік кредит берудің жалпы көлемін 140 млрд теңгеге жеткізу мәселесі пысықталуда.

Бұдан басқа, 200 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталуда, ол 2021 жылғы құрғақшылық қайталанған жағдайда, мал мен құс басының сақталуын қамтамасыз етеді», - деді министр.

Айутынша, биылғы жалпы егіс көлемі 23,1 млн гектарға жетіп отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 125 мың гектарға көп.

«Тұтастай алғанда, көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі жоспарлы түрде жүріп жатыр және министрліктің ерекше бақылауында», - деді Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар