Қуаныш Әжмағанбетов «Алматы облысының Құрметті азаматы» атанды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қорытынды кездесуге қатысты. А.Баталов алдымен аймақтың үздік кәсіпкерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы «Қайнар-АКБ» бақылау кеңесінің төрағасы Қуаныш Әжмағанбетовке берілді. Биылғы жылы аталған кәсіпорын 2,5 миллион аккумулятор шығарды.

«Алматы облысында шағын және орта бизнестің қарқынды дамуы байқалады. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 750 млрд. теңгеге жуықтады. 30 мыңға тарта жұмыс орны құрылды. Бұл ретте Сіздер, облыс кәсіпкерлері, үлкен үлес қостыңыздар, сол үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Ерекше атап өтетінім, Сіздердің еңбектеріңіз «Парыз», «Алтын сапа» байқауларында үздіктер қатарында аталып, жеңімпаз болды. Бұл - үлкен жетістік, басқасының бәрі күнделікті еңбекпен келеді. Сіздерге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтып, зор денсаулық тілеймін, бірлескен жұмысымыз жемісті болсын! - деді А.Баталов.

Атап өтерлігі, жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 2,5 трлн. теңгеге жетті. Оның 30% жуығы шағын және орта бизнестен құралып отыр. Бүгінгі күні Алматы облысының кәсіпкерлік саласында 280 мың адам жұмыс істейді, немесе облыстың әрбір үшінші тұрғыны жұмыс істейтіндер қатарында, олар жергілікті бюджет түсімінің 43%-ін құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар