Қуанышбек Есекеев Талапкер ауылындағы интернет мәлесесі жайлы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ-ға интернетке қатысты күніне 150-ге жуық сұрақ келеді. Орталық комуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы Қуанышбек Есекеев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қуанышбек Есекеев Талапкер ауылындағы интернет мәлесесі жайлы айтты

«Талапкер ауылында 14 мыңнан аса адам тұрады. 2500 адам бір уақыт ішінде елорданың шетінде орналасқан 6 базалық станцияға қосылады. Бұл базалық станциялар Талапкердегі жүктемені ұстап тұр», - деп атап өтті «Қазақтелеком» Қуанышбек Есекеев.

Ал Қажымұқан ауылында 2900 адам тіршілік кешіп жатыр.

«Қажымұқан ауылынан 4 шақырымдық жердегі Максимовка ауылында Tele2, Altel-дің базалық станциясы бар. Операторлар желілік қызмет сапалы болуы үшін жұмыс істеп жатыр. Күніне осындай мәселеге қатысты орташа есеппен 150-ге жуық сұрақ түседі. Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін бәрін істейміз», - дейді «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы.