Қуат Хамитов Атырауда аралас жекпе-жектен өткен турнирде жеңіске жетті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (24-7-2) Атырауда Mergen Fighting Championship 4 турниріне қатысып, қарсыласын жеңіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қуат Хамитовтың қарсыласы өзбекстандық Бобур Абдулазизов (12-9) болды.

Айта кетейік, Қуат ресейлік Акоп Степанянға (27-13) қарсы шығуы керек болатын. Өкінішке қарай ресейлік Қазақстанға келе алмады.

Қуат Хамитов пен Бобур Абдулазизовтың кездесуі орта салмақта болды және ол үш раундқа созылуы тиіс еді. Алайда қазақстандық спортшы қарсыласын екінші раундта буындыру әдісімен жеңді.

Қуат Хамитов кәсіби мансабындағы 25-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Бобур Абдулазизов 10-шы рет жеіңіліске ұшырады.


Соңғы жаңалықтар
telegram