Қуат Хамитов бразилиялық Тиаго Луиспен чемпиондық атақты сарапқа салады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен «Alash PrideKZ» нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін болатын кездесуге екі апта қалғанда «Найман» лақап атымен белгілі Қуат Хамитовтың қарсыласы ауысып кетті.

Қуат Хамитов бразилиялық Тиаго Луиспен чемпиондық атақты сарапқа салады

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Жекпе-жекке екі апта қалғанда менің қарсыласым ауысып кетті. Сонымен, «Найман» Қуат Хамитов -Тиаго Луисқа қарсы (Бразилия)», - деп жазады Қ.Хамитов.

Еске саа етсек, 23 қараша күні Алматыда аралас жекпе-жектен «Дала Батырлары» атты халықаралық турнир өтеді. Оған АҚШ, Бразилия, Франция, Литва, Тәжікстан және «Алаш Прайд» командасының спортшылары қатыспақ.